Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді •

    46 адам қаза тапты: Әскери ұшақ апатқа ұшырады

    46 адам қаза тапты: Әскери ұшақ апатқа ұшырады

    Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 46 адам қаза тапты. Ұшақ елді мекеннің жанында орын алған. Қаза тапқандардың арасында жоғары дәрежелі әскери офицерлерден бөлек балалар да бар, деп хабарлайды Qazaq.today.

    DW мәліметінше, апат ел астанасының солтүстік-батысындағы Омдурман қаласында орналасқан Суданның ең ірі әскери базаларының бірі — Вади Сейдн авиабазасының жанында болды. Армиянның хабарлауынша, «Антонов» әскери ұшағы ұшу кезінде апатқа ұшыраған. Қаза тапқандардың арасында әскери адамдар да, бейбіт тұрғындар да бар.

    «Соңғы есептеуден кейін қаза тапқандар саны 46 –ға жетті, тағы 10 адам жарақат алды», — деді Хартум аймақтық үкіметінің баспасөз қызметі.

    Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар саны 19 адамға жеткенін хабарлаған еді. Алайда, құрбандар саны әлдеқайда көп болып шықты.  Куәгерлер қатты жарылысты естігендерін және ұшақ құлаған аймақта көптеген үйлердің бүлінгенін мәлімдеді.

    Апат сонымен қатар жақын маңдағы аудандарда электр қуатының үзілуіне әкелді. Құтқарушылар жаралыларды шұғыл эвакуациялады, олардың арасында балалар да бар. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →