Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды •

    Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды

    Астанада маркетплейстерде сауда жасауды үйретемін деп, тауар бизнесіне ақша салуға көндірген әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бес адам 15,6 млн теңгесінен айырылған.

    Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды

    Сурет: politico.kz

    Астанада тұрғындарға маркетплейстерде сауда жасауды үйретемін деп, кейін оларды тауар бизнесіне ақша салуға көндірген әйел сот үкімімен кінәлі деп танылды. Оның әрекетінен бес адам зардап шегіп, жалпы шығыны 15,6 млн теңгеге жеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тергеу деректеріне сүйенсек, әйел алдымен клиенттерге маркетплейстерде сауда жасауды үйретуді ұсынған. Кейін ол оларды тауар бизнесіне инвестиция құюға үгіттеген. Алайда бұл ұсынысқа сенген бес адамның жалпы шығыны 15,6 млн теңгеге жеткен.

    Сот бұрын сотталғанын ескере отырып, әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

    Прокуратура қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде инвестиция ұсынатындарға сақ болуға шақырды. Ведомство өкілдері жоғары табысқа кепілдік береміз деген уәделерге бірден сенбей, ақша салмас бұрын ұсыныстың заңдылығы мен сенімділігін мұқият тексеру қажеттігін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →