Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді •

    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды

    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қытайға 2,8 келі алтынды заңсыз өткізбек болды. Құны 182,3 млн теңге болатын алты құйма тәркіленіп, мемлекет кірісіне өткізілді.

    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды

    Сурет: istockphoto

    Құны 182,3 млн теңгеге бағаланған алты алтын құйма мемлекет кірісіне өткізілді. Салмағы 2,8 келі бағалы металды Қырғызстан азаматы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты негізінде сот алтын құймаларға қатысты сотқа дейінгі тәркілеу шарасын қолданды.

    Прокуратура мәліметінше, Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында «Қордай Авто» өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына кіргізген.

    Әйел кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезінде бағалы металды жасыруға тырысқан. Ол алтын құймаларды аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Алайда «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында жүргізілген тексеру кезінде алтын анықталып, тәркіленді.

    Тәркіленген алты құйманың жалпы салмағы 2,8 келі, ал алтынның тазалығы 99 пайыздан асады. Олардың жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →