Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды

    «Министрліктің сылтауы көп»: әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салу мәселесі көтерілді

    «Министрліктің сылтауы көп»: әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салу мәселесі көтерілді

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай қазақ әншілерінің қалың тыңдарманды концерт залына жинап алып, фонограммамен ән айтуына тыйым салу қажет дейді. Айтуынша, бұған дейін депутаттар заңға жаңа нормалар енгізу туралы ұсынысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне бірнеше рет жолдаған, бірақ қолдау көрмеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

    «Қолданыстағы заңнама бойынша әнші фонограммамен ән айтатын болса, бұл туралы концертті ұйымдастырушылар көрерменді хабардар етуге міндетті. Бізде ол ереже мүлде жұмыс істемейді. Сондықтан заң жобасына фонограммамен ән айтуға тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізуді ұсындық, бірақ министрлік оны қолдап отырған жоқ. Оған айтатын сылтау көп.

    Біріншіден, өңірлерде техникалық құралдар 70 пайызға тозғанын алға тартты. Біз норманы жеңілдетіп: «концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе ғана фонограмманы пайдалануға тыйым салынады» дедік, бірақ бұл норма да өтпеді.

    Екіншіден, дыбыс режиссерлерінің жетіспейтінін айтты. Оларға сұраныс болмаған соң, әрине, жетіспейді. Біз норманы тағы да жеңілдетіп: «егер орын жеткілікті түрде жабдықталмаған және концерттерге бейімделмеген болса, осы туралы көрерменді хабардар ете отырып, фонограммаға рұқсат етіледі» дедік. Сіздер бұған да қарсысыздар, біздің ұсынысымыз екінші оқылымға дейін қолдау таба ма?» — деді депутат.

    Оған жауап берген Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов алдағы уақытта үлкен отырыс болатынын хабарлап, мәселенің сол кезде нақты шешімін табатынын айтты.

    «11 наурызда бүкіл мүдделі адамдардың, яғни шоу-бизнес өкілдері, мәдени мекемелердің басшылары, режиссерлер тағы басқа да мамандардың басын біріктіріп, ашық талқылау өткіземіз. Сіздің ұсынып отырған механизмдеріңізді талқылап, егжей-тегжейлі пысықтап, Мәжілістің екінші оқылымына дейін бір шешімге келеміз», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →