Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Өскемендегі көпірдің астынан мәйіті табылды

    Өскемендегі көпірдің астынан мәйіті табылды
    Фото: oka.fm

    Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы Үлбі көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына қаладағы Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы көпірдің астында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.

    «Оқиға орнына полицейлер шұғыл келіп жетті. Үлбі көпірінің астынан ер адам мәйіті табылды. Марқұмның кім екендігі анықталды. Алдын ала дерек бойынша оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →