Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

    «Cobalt-пен» қалай жүремін?»: Ақтөбе облысында аудан әкімдері бюджет қаржысына 27 млн теңгенің көлігін сатып алған

    «Cobalt-пен» қалай жүремін?»: Ақтөбе облысында аудан әкімдері бюджет қаржысына 27 млн теңгенің көлігін сатып алған

    Коллаж: Sn.kz

    Ақтөбе облысында екі ауданның әкімі бюджет қаржысынан 26-27 миллион теңге жұмсап, қымбат көлік алды. Шетелдік жол талғамайтын көліктерге әкімдік мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс берген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов құны 27,6 миллион теңге тұратын көлікке тапсырыс берді. Ақпарат әлеуметтік желіге жарияланды. Онда шендінің президенттің бюджет қаражатын үнемдеу туралы тапсырмасын елемегені жазылған. Жаңа көлік алу туралы ақпаратты аудан әкімдігі растады.

    “Көлік келді. Байғанин ауданы 6 миллион 103 мың гектар жер. Ең шалғай ауылдар 300 шақырым болады. Ол жерлерге “Cobalt” көлігімен қалай барамын. Менің машинам 5 ай болды бұзылып тұр”,- деді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов.

    Сонымен қатар, биыл Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің аппаратына да люкс көлік келді. Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов 26,5 миллион теңгеге жаңа көлік келгенін растады.

    Екі аудандан да жол талғамайтын көліктерді мемлекеттік тапсырыс арқылы алды.

    Байғанин — Ақтөбе облысындағы аумағы үлкен аудан болса, Ырғыз — облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →