Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Орманшылардың опасыздығы: Жетісуда қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атқан инспекторлар сотталды

    Орманшылардың опасыздығы: Жетісуда қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атқан инспекторлар сотталды

    Жетісу оьлысында қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін орманшылар сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды. «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.

    «Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
    Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді», — деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Сот үкімі заңды күшіне енді. Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салды.

    Осындай құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →