Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды

    Қызылордада сиырды жеңіл көлікке тиеген ұрылар ұсталды

    Қызылордада сиырды жеңіл көлікке тиеген ұрылар ұсталды
     Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

    Қызылордалық полицейлер сиырды жеңіл көлікке салып алған мал ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Оқиға Қазалы ауданына қарасты Ақтан батыр ауылының тұсында болған.

    «Күшейтілген түрде кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында Ақтан батыр ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан «Volkswagen» маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер көліктің багажында жатқан сиырды көреді. Екі ер адам сиырды көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқандығы белгілі болды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →