Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды Толқын Забирова ұстазы Пернебек Момыновты еске алып, көңіл айтты Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды Толқын Забирова ұстазы Пернебек Момыновты еске алып, көңіл айтты

    Тоқаев жазушы Дулат Исабековтың жақындарына көңіл айтты

    Тоқаев жазушы Дулат Исабековтың жақындарына көңіл айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    – Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді.

    Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді.

    Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

    Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →