Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр

    Димаш енді Сенатта көзге түсті

    Димаш енді Сенатта көзге түсті

    Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev/

    Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген күтпеген жерден Сенат ғимаратында бой көрсетті, деп Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның халық әртісі, дүниежүзіне танымал Димаш Құдайбергенге Ізгі ниет елшісі төсбелгісін ресми түрде табыстады.

    Бұл туралы Сенат спикері әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды. Әшімбаев атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық қызып жатыр. Былтыр әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съездің Ізгі ниет елшілері болып сайланған. Олардың арасында Димаш Құдайберген де бар.

    «Осыған байланысты Димаш бауырымызбен арнайы кездесіп, оған Ізгі ниет елшісі белгісін ресми түрде табыс еттім. Осы орайда Димаш қазақтың ұлттық мәдениетін дәріптеумен қатар өнер арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын насихаттауға да үлкен үлес қосып келе жатқан дарын иесі екенін атап өткен жөн. Бұл маңызды миссия Съездің құндылықтарымен де үндесетіні белгілі», — деп жазған Әшімбаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →