Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді •

    «Өзіме тиесілі дүние қайтты»: Үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалығын бөлісті

    «Өзіме тиесілі дүние қайтты»: Үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалығын бөлісті

    Құны 170 миллион теңге болатын үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өнер иесі сөз басын алғыс айтудан бастады.

    “Ең алдымен алғыстан бастағым келеді. Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс білдіремін. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынақ деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды”, – деп жазды актриса.

    Одан кейін қиын күнде жанынан табылмаған адамдардың бар екенін де жеткізді.

    “Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. “Не көмек” деп суық қана хат жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті. Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты. Енді адвокатсыз құжатқа қол қоймайтын темірдей тәртіп бар”, – деді киножұлдыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →