Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады

    Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды

    Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды

    Сауда орталығына ұрлыққа түскен азамат сатып алушы кейпінде Астанадағы дүкендерінің біріне барған.
    Күндізгі уақытта күдікті сауда орталығына кіріп, сатып алушы ретінде ерлерге арналған аксессуарларды қарай бастаған. Сөмкелердің бірін таңдап, оны пакетке салып, сауда залынан шығып кетпек болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алайда оның әрекеті сатушының назарынан тыс қалмады.

    Күдіктіні байқап қалған сатушы оны тоқтатып, пакетінің ішін көрсетуді сұраған. Осы кезде жігіт қашуға тырысқанымен, сатушы қыз оның артынан жүгіріп, қуып жеткен. Тауарды қайтаруды талап еткенде, күдікті кеңсе пышағын алып, бутиктің қызметкері мен араша түспек болған адамды қорқытқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бірден полицияға хабар берді.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да сотталған.

    iFrame

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →