Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бақытты болсын»: Актер Бекжан Тұрыстың ұлы үйленіп, дүркіретіп той жасады • «Балам температурамен жатты»: Ақтауда дәрігермен жанжалдасқан ер адам мәлімдеме жасады • «Құлағым естімей қалды»: Танымал актер түсірілім кезінде жарақат алды • Ақтауда ер адам дәрігерге күш көрсетіп, шабуыл жасады • Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • «Бақытты болсын»: Актер Бекжан Тұрыстың ұлы үйленіп, дүркіретіп той жасады • «Балам температурамен жатты»: Ақтауда дәрігермен жанжалдасқан ер адам мәлімдеме жасады • «Құлағым естімей қалды»: Танымал актер түсірілім кезінде жарақат алды • Ақтауда ер адам дәрігерге күш көрсетіп, шабуыл жасады • Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ •

    Брюссельде екі апта ішінде үшінші рет атыс болды

    Брюссельде екі апта ішінде үшінші рет атыс болды

    Бұл – осы аудандағы 15 күннің аралығында тіркелген үшінші атыс оқиғасы, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Euronews басылымы Бельгияның Андерлехт ауданында болған атыс салдарынан 19 жастағы жас жігіттің қаза тапқанын жазды.

    Қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалап үлгерген, десе де оларды іздестіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Полиция жақын маңдағы бейнебақылау камерасына кемінде бір қаруланған адамның таспаланып қалғанын айтады. Брюссель прокуратурасы тергеу мүддесі үшін «қосымша түсініктеме бермейтінін» мәлімдеген.

    Оқиға «Клемансо» метро станциясына жақын жерде тіркелген. Бұл – екі апта ішінде осы аумақта болған үшінші атыс. Атыстан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақаттанған.

    Еске салайық, бұған дейін Брюссель прокуроры атыстардың көбею себебін есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың өзара қақтығысымен байланыстырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →