Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек

    Наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

    Наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

    Қазақстанда 15 ақпаннан бастап наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл процесс 25 ақпанға дейін жалғасады.

    «Тіркеу app.testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тест 1 наурыз – 5 сәуір аралығында өтеді. Оған 11 (12) сынып оқушылары, университетке шартты түрде қабылданған (ақылы негізде) студенттер, алдыңғы жылдардағы мектеп және колледж түлектері (толық оқу мерзіміне), Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтына жататын тұлғалар, шетелде оқыған, бірақ ҚР азаматы саналатын түлектер қатыса алады», — делінген хабарламада.

    Тестілеу құны — 5640 теңге. Тіркелу кезінде үміткерлер өздері қалаған күнді, уақытты және тестілеу өтетін орынды таңдай алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →