Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды

    Атыраулық әйел дәрігерлерді 5 жасар қызының өліміне айыптады

    Атыраулық әйел дәрігерлерді 5 жасар қызының өліміне айыптады

    Атырау тұрғыны дәрігерлерді бес жасар қызының өліміне айыптап отыр. Әйелдің сөзінше, дәрігерлер баласын құтқару үшін жеткілікті шара қолданбаған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

    Әйелдің айтуынша, бір апта бұрын 5 жасар қызы жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына түскен. Қабылдау кезінде баланың жүрек соғысы әлсіз болған.

    «Тексеріс кезінде өзім қызымнан тахикардия белгілерін байқадым. Дәрігерлер бірден қажет шараларды қабылдамады, алдымен оттегімен әуре болды, содан кейін ғана жүрекке массаж жасай бастады. Адреналинді мен талап еткен кезде ғана салды. Неге мен дәрігерлерге не істеу керек екенін үйретуім керек? Дефибриллятор қолданылмады. Мен шыдай алмай, палатаға кірдім. Қызымның жасанды тыныс алу аппаратының түтігін тістеп жатқанын көрдім, бұл оның қиналып, өмірі үшін күресіп жатқанын білдіреді. Сол кезде де ешкім дефибриллятор әкелген жоқ. Мүмкін ауруханада ол мүлдем болмаған шығар», — дейді әйел.

    Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →