Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды

    Министр ҚҚС бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты

    Министр ҚҚС бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты

    Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасадым. Бағдарламамда қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы бір сөз де айтылмаған. Сол себепті осы әңгімені қою керек. Қазір бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өзара пікір алмасып жатырмыз. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдайды», — деді Серік Жұманғарин Сенат кулуарында.

    Келесі аптадан бастап алты жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық өңірге барып, кездесулер өткізбек.

    «Біз бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның ішінде мәслихат депутаттары да бар. Олармен әлі тағы талқылаймыз. Сосын барып қана шешім қабылдаймыз. Қазір ол туралы айту ерте», — деп атап өтті министр.

    Серік Жұманғарин қосымша құн салығының ставкасын көбейту жөніндегі ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізілетінін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →