Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    Тірі қалғандар жоқ: Филиппиндегі жекеменшік ұшақ құлады

    Тірі қалғандар жоқ: Филиппиндегі жекеменшік ұшақ құлады

    Филиппинде болған әуе апатында төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Жекеменшік ұшақ 6 ақпан күні Филиппиннің оңтүстігіндегі Магинданао-дель-Сур провинциясында құлады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бортта болған барлық төрт адам қаза тапқан.

    Қазіргі уақытта апат орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеуде. Әуе кемесінің нақты кімге тиесілі болғаны анықталып жатыр.

    Әуе апаттары жиілеп кетті

    Жақында ғана, АҚШ-та медициналық ұшақLear 55 апатқа ұшыраған еді. Ол Филадельфия әуежайынан көкке көтерілгеннен кейін 30 секунд өткен соң радардан жоғалып, кейіннен апатқа ұшыраған. Бұл оқиғада алты адам – екі ұшқыш, екі дәрігер, бір науқас және оның туысы көз жұмған.

    Әуе апаттарының себептері көбінесе техникалық ақаулар, ауа райының қолайсыздығы немесе адам факторымен байланысты болады. Филиппиндегі соңғы оқиғаның нақты себебі тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →