Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салды

    Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салды

    АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшылардың әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Трамп бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдер үшін болатынын айтып, жарлыққа қол қойды. Айтуынша, АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартады.

    Жарлық мектеп, университеттегі сайыстарда және әуесқой жарыстарда күшіне енеді. Трамп халықаралық Олимпиада комитетінен трансгендер спортшыларға қатысты ережелерді 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасы басталғанға дейін өзгертуін сұрады.

    «Соңғы жылдары көптеген білім беру мекемелері мен спорттық бірлестіктер ерлерге әйелдер спортында бәсекеге түсуге мүмкіндік берді. Бұл қыз-келіншектер үшін әділетсіз және қауіпті. Сонымен қатар олардың бәсекеге қабілетті спорт түрлеріне қатысуына және өсуінде мүмкіндіктерінен айырады», — делінген жарлықта.

    Трамп өзінің инаугурациялық сөзінде АҚШ-тың мемлекеттік саясаты тек екі жынысты-ерлер мен әйелдерді мойындайтынын мәлімдеді. Кейін ол тиісті жарлыққа қол қойды.

    «Былтырғы Париж олимпиадасын ұмыта алмаспыз. Онда ер боксшы әйелдердің алтын медальін алып кетті. Қарсыласын қатты қинап, 46 секундтық жекпе-жектен кейін берілуге мәжбүріледі. Онымен қоймай бұл чемпиондық жекпе-жек ретінде саналды», — деді Трамп.

    Алайда CNN Трампиың бұл айтқандарына қарсы шықты. Басылымның дерегінше, екі Олимпиада чемпионы, алжирлік Иман Хелиф пен тайваньдық Лин Ютин жынысын ауыстырған емес. Олардың екеуі де туғаннан бастап әйел екені көрсетілген және жарыста да әйел ретінде өнер көрсеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →