Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Өскеменде суретшілер одағының мүшесі отбасымен өлі табылды

    Өскеменде суретшілер одағының мүшесі отбасымен өлі табылды

    Фото: instagram.com/naste_nka1990

    30 қаңтарға қараған түні 69 жастағы Валерий Дранишников тұратын үйде өрт шықты. Өрттен кейін Валерий, оның азаматтық некедегі әйелі мен туысы өлі табылды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

    Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мәйіттерде «зорлық-зомбылықпен өлім белгілері» бар екені туралы ақпарат тарады.

    Шығыс Қазақстан полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.

    «Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», — делінген хабарламада.

    Валерий Дранишников – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Оның мүсіндерін облыстың көп елді мекенінен көруге болады. Өскеменде оның ең танымал жұмыстарының бірі – Б. Александров атындағы спорт сарайының алдында тұрған хоккейші мүсіні.

    «Сағат үштер шамасында әпкем анама қоңырау шалып, атамның үйі өртеніп жатқанын айтты. Біз бірден сол жаққа аттандық. Барғанымызда үй толықтай жанып кеткен, ішке ешкімді кіргізбеді. Тек әпкемді марқұмдарды тану рәсіміне қатысу үшін өткізді», – дейді марқұмның немересі.

    Немересінің айтуынша, қаза тапқандар жертөледе болған, онда жуынатын бөлме, ас үй және мүсіншінің шеберханасы орналасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →