Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды Щучинсктегі 12 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды Щучинсктегі 12 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды

    АҚШ әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты

    АҚШ әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты

    АҚШ-тың Сиэтл/Такома халықаралық әуежайында Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағына соқтығысты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

    Әуежай Вашингтон штатында, Сиэтл мен Такома қалаларының арасында орналасқан. Ол — Сиэтл қаласының орталығынан оңтүстікке қарай шамамен 23 шақырым жерде орналасқан және Тынық мұхитының солтүстік-батыс аймағындағы ең үлкен әуежай.

    Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) басылымға ұшақтардың әуе қозғалысын басқару органдары бақылай алмайтын аймақта болғанын хабарлады.

    Оқиғаға байланысты FAA әуежайдағы кейбір рейстерді уақытша тоқтатты.

    Агенттік оқиғаны тергеуді жалғастыратынын айтты.

    Delta Air Lines бұл оқиға кезінде компания ұшағы мұздан тазартуға кезекте тұрғанын түсіндірді.

    «Экипаж бен жолаушылар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», — делінген әуе компаниясының хабарламасында.

    Куәгерлер X әлеуметтік желісінде Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағымен соқтығысқаны түсірілген видеоны жариялады.

    Сиэтл/Такома әуежайының әкімшілігі өртке қарсы, полиция және әуежай бөлімшелері оқиға кезінде дереу әрекет еткенін айтты. Жолаушылар эвакуацияланып, терминалға жеткізілді.

    «Оқиға әуежай жұмысына айтарлықтай әсер етпеді, өйткені ол жермен жүру жолында болды», — деп хабарлады әкімшілік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →