Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды Кәріз құдығында қаза тапқандардың несиесі өтеліп, биылғы жалақысы төленеді «Есірткі іздеп жүр деп ойладым»: Алматы тұрғыны бейтаныс жігітті ұрып-соқты Трамп ФИФА басшысын БҰҰ Бас хатшысына ұсынуы мүмкін Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды Кәріз құдығында қаза тапқандардың несиесі өтеліп, биылғы жалақысы төленеді «Есірткі іздеп жүр деп ойладым»: Алматы тұрғыны бейтаныс жігітті ұрып-соқты Трамп ФИФА басшысын БҰҰ Бас хатшысына ұсынуы мүмкін Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған

    82 жасқа келген Дулат Исабеков ауыр халде жатыр

    82 жасқа келген Дулат Исабеков ауыр халде жатыр

    Фото: kazpravda.kz

    Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.

    Сенімді дереккөздерге сүйенсек, 82 жасқа келген жазушының денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатыр.

    Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

    Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →