Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    «Көзімнен жас ақты ма, қан ақты ма білмеймін»: Алмас Өтешов өкінішін айтты

    «Көзімнен жас ақты ма, қан ақты ма білмеймін»: Алмас Өтешов өкінішін айтты

    Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов «Уақыт көрсетеді» Youtube-жобасына берген сұхбатында өміріндегі ең үлкен өкінішін жеткізді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz — ке сілтеме жасап. 

    Спортшы 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында жеңіске жететініне 100 пайыз сенімді болғанын айтты. Алайда ол лицензия ала алғанымен, Олимпиада ойындарына қатыса алмады.

    «100 ұйықтап, 100 оянсам да допингпен ұсталып қаламыз деген ой келмепті. Менің бір қателігім болды. Мен өзіме 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында 100 емес, миллион пайызға сендім. 180-230 келі көтеремін, болды, мен Олимпиада ойындарының чемпионымын деп сенімді болдым. Әлеуметтік желіден қарасаңыздар, 2016 жылы Бразилияда өткен олимпиадада 94 категорияда 220 келімен алтынды алып кетті. Ал мен АҚШ-та 230 келі көтеріп, лицензия алып тұрып, олимпиадаға бара алмай қалдым ғой. Бұйырмаған ғой. Бізді Қазақстанның барлық спортшысын құртты ғой, өйткені біз барсақ, 8 категорияның алтауын алатын едік. Алайда допинг кетті, бізді қиратты. Бірақ онда ешқандай допинг жоқ, біз шетелге допинг ішіп бармаймыз. Министрлік де бізді допингке тойдырып, олимпиадаға апаратын ақымақ емес қой. Елде бізді 4-5 рет тексереді, содан кейін ғана жібереді. Қараңызшы, 220 келімен алтынды алып кетті, ал мен бірінші көтергенде 220 келі көтердім. Ішкілікке салыну, ішімдегі күйік осыдан басталды. Олимпиада ойындарын үйде теледидардан еңіреп жылап көріп отырмын, қолымда үлкен стақан, бір жәшік арағымды әкеп алып, ойынды көріп отырып іштім. Стақанға толтырып арақ құямын, ашуым келіп отыр, арақты көтеремін. Көзімнен жас ақты ма, қан ақты ма білмеймін. Көрген кезде жүрегім жарылып кете жаздады. Қаншама еңбекті айтсаңызшы, геморройымыз шығып, темірді көтеріп. Лицензияны алып тұрып, олимпиадаға қатыса алмадым. Спорттың өзінде бір саясат бар ғой. Допинг дегеннің бәрі Америкада шықты ғой, Қазақстанды неліктен құртып жібергенін түсінбедім», — деді спортшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →