Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

    Өскемендегі алаяқтық: ХҚКО мамандары жылжымайтын мүлік кадастры жүйесіне жалған мәлімет енгізген

    Өскемендегі алаяқтық: ХҚКО мамандары жылжымайтын мүлік кадастры жүйесіне жалған мәлімет енгізген

    Фото: Qazaq.today

    Өскеменде ХҚКО қызметкері сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына жалған мәліметтер енгізген мамандардың қылмысын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның айтуынша, бұл оқиға Өскеменде болған.

    «Өскемен қаласының соты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы Қыдырбаева А. мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті бөлімшесінің бастығы Байчин Р.-ға қатысты үкім шығарды. Қыдырбаева «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесіне Байчиннің жылжымайтын мүлкі жоқ екені туралы әдейі жалған ақпарат енгізгені үшін кінәлі деп танылды», – деді Бигайдаров Антикор брифингінде.

    Осы үкіммен Байчин жұмыс орнында өз атына тіркелген баспананың жоқтығы туралы жалған анықтама ұсыну арқылы 7,2 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй төлемдерін заңсыз иеленгені үшін айыпты деп танылды.

    «Маман 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 2 жылға квазимемлекеттік сектордағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Ал полиция қызметкері келтірілген залалды толық өтегеніне байланысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, «полицияның аға лейтенанты» арнайы атағынан айырылды», – деді спикер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →