Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды •

    Халық табысының көбін тамақ алуға жұмсайды – Тоқаев

    Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда Қазақстанның  үкіметі қауқарсыз.

    Ақпан айында инфляция шарықтау шегіне – 21,3 пайызға жетті. Үкіметтің қауарсыздығын  бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі. 

    «Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады. Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз», — деді үкіметтің жұмысын сынға алған Тоқаев.

    Дәл қазір үкімет үйінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

     

    Qazaq Today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →