Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды •

    Былтыр коммуналдық қызмет 21% қымбаттаған – Тимур Сүлейменов

    Былтыр коммуналдық қызмет 21% қымбаттаған – Тимур Сүлейменов

    Фото: mail.kz

    2024 жылы елдегі инфляция 8,6 процентті құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның айтуынша, былтыр Ұлттық банк жүргізіп отырған ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты және Үкімет қабылдаған шаралар нәтижесінде инфляция 2023 жылғы ең жоғары көрсеткіштен екі жарым есеге төмендеген.

    «Өткен жылы инфляция 8,6 процентті құрады. Азық-түлік тауарлары инфляциясы 5,5 процентті, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 8,3 пайызды құрады. Бұл жалпы инфляция көрсеткішін төмендетуге әсер етті. Ал негізгі проинфляциялық үлесті қосқан –  реттелетін және нарықтық қызметтер бағалары. Нарықтық қызметтер 11,5 пайызға қымбаттады. Коммуналдық тарифтер орта есеппен 21,1 процентке өсті. Бұл «Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасына байланысты екеніне түсінікті. Дегенмен бағдарлама іске қосылғаннан бері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы секторына 600 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Коммуналдық тарифтердің инфляцияға қосқан нақты үлесі болжамдағы көрсеткіштен төменірек қалыптасты», — деді Сүлейменов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →