Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Іздеу жарияланды: түркістандық жігіттер Астанада СОБР қызметкерлерін ұрып тастаған

    Іздеу жарияланды: түркістандық жігіттер Астанада СОБР қызметкерлерін ұрып тастаған
    Астанада СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасаған топ мүшелері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Астанада Мәңгілік Ел даңғылы, 55/4 мекенжайында белгісіз бес адамнан тұратын топ СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасап, дене жарақаттарын салған. Шабуылдаушылар екі автокөлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.

    :анжал СОБР қызметкерлері мен жедел уәкілдер арасында болуы мүмкін. Қазіргі таңда полицияның барлық жеке құрамы шабуылдаушыларды іздеуге және ұстауға бағытталған.

    Іздестіріліп жатқандар:

    • Алтынбек Тимур Миятбекұлы, 28.12.1999 жылы туған, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылының тұрғыны.
    • Жанбосынов Торехан Нұрланұлы, 09.09.1999 жылы туған, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны.

    Полиция күдіктілерді іздеу бойынша шаралар қабылдауда. Іздестіру туралы ақпарат барлық полиция бөлімдеріне, соның ішінде «Рубеж» жүйесі бекеттеріне, вокзалдарға, әуежайларға және шекаралық бақылау бекеттеріне жіберілген.

    Күдіктілердің фотосуреттері полиция басқармаларында, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында, қонақ үйлерде және ойын-сауық орындарында орналастырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →