Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы •

    Президент Тоқаев:«Қазақстан қуатты атом стансасына зәру»

    Президент Тоқаев:«Қазақстан қуатты атом стансасына зәру»

    Путин Астанаға келгенде АЭС салу тақырыбы талқыланған. Бұл турлаы Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында ашық, айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум кезіндегі атом энергетикасына қатысты жоспарын тағы бір нақтылап, Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екенін жеткізді.

    Президенттің мәлімдеуінше, Атом электр стансасын (АЭС) салу ісінде озық технологиясы бар компаниялар тартылады. Жоба аясында халықаралық консорциум құрылмақ. Бұған қоса, Қазақстан жағы бас оператор ретінде әрекет ететіні айтылды.

    «Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе талқыланды. Атом стансаларын салуға мол тәжірибесі бар «Росатом» компаниясының да жобаға қатысуы мүмкін екені әңгіме болды. Қытайдың азаматтық мақсатта ядролық нысандар салу ісіндегі жетістіктері ескеріліп, сол елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Батыс елдерінің корпорациялары да қызығушылық танытты», – деді Тоқаев.

    Биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды.

    «Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада        екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор», — деді Мемлет басшысы. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →