Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаңтар оқиғасы саяси тоқыраудың кесірінен орын алған»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаңтар оқиғасы саяси тоқыраудың кесірінен орын алған»

    «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді дүр сілкіндірген Қаңтар оқиғасына қатысты ойларын ашық айтып, одан кейін қабылданған маңызды шаралар жайында кеңінен баяндады. Мемлекет басшысы үш жыл бұрынғы дүрбелең ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздік пен саяси тоқыраудан туындап, қаскөйлердің мемлекетті әлсіретуге бағытталған әрекеттері салдарынан болғанын жеткізді.

                                                                   Тергеу барысы мен нәтижесі

    Президентдің мәлімдеуінше, тәртіп орнатылып, жағдай тұрақтал­ғаннан кейін тергеу жұмыстары ашық жүргізілді. Қаңтар оқиғасына қатысы бар құқық бұзушылардың іс-әрекеттері анықталды, қылмыс жасағандар жазаға тартылды. Парламентте ел тарихында алғаш рет арнайы тыңдаулар өтіп, онда құқық қорғаушылар да, мемлекеттік органдар өкілдері де сөз сөйледі. Шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдары бұл процесті кеңінен жария етті.

                                                             Қосарланған билікке жол жоқ

    Мемлекет басшысының айтуынша, елдің қауіпсіздігі үшін басқару жүйесінде қосарланған билікке ешқашан жол берілмеуі тиіс.

    «Президент – Құдайдың жердегі көлеңкесі емес, белгілі бір мерзімге сайланған менеджер», – деп атап өтті Тоқаев.

                                                      Кадр саясаты және күштік құрылымдар

    Президент жоғары лауазымды тұлғаларды, соның ішінде күштік құрылым басшыларын таңдау кезінде ерекше мұқият болу керегін ескертті. Тәуелсіз Қазақстанға адал қызмет ететін, ел мүддесін бәрінен биік қоятын азаматтарды іріктеудің маңыздылығын атап өтті.

                                                    «Заң мен тәртіп» – басты қағидат

    Тоқаевтың сөзінше, заң үстемдігі мен әділет – мемлекет тұрақтылығының берік негізі. Осы құндылықтарсыз демократиялық жолмен дами алмаймыз. Сондықтан, демократияның ең биік шыңы – заңның үстемдігі.

    «Демократиялық құндылықтар» деген желеумен іріткі салып, қазақ мемлекеттігін әлсіретуге жол беруге болмайды», – деді ол.

                                                     Ұлт бірлігі – ең басты құндылық

    Сұхбат соңында Мемлекет басшысы береке-бірліктің арқасында ғана күрделі сынақтарды еңсеруге болатынын тілге тиек етті. Тоқаев Қаңтар оқиғасын баршаға үлкен сабақ ретінде қабылдап, оның қайталанбауы үшін билік пен халықтың мүдделері сабақтаса отырып әрекет етуі керектігін ерекше атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →