Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Жетісуда жаңа мектеп салуға 2,6 млрд теңге бөлінді

    Жетісуда жаңа мектеп салуға 2,6 млрд теңге бөлінді

    Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

    1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі уақытта мектеп апатты жағдайда: су және кәріз құбырлары тозған, жылу жүйесі зақымданған. Жалпы, ғимараттың физикалық тозу деңгейі 40%-ды құрайды.

    Жаңа мектеп 200 орынға есептелген, 30 орындық шағын дайындық орталығы болады. Рудничный ауылында барлығы 1 мыңнан аса адам тұрады, оның 241-і мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

    Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізіп, балалардың заманауи талаптарға сай білім алуына қажетті қолайлы жағдай жасайды.

    Бұған дейін Үкімет Петропавлда балабақша, Атырау облысындағы Жамансор ауылында және Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін салуға, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға және басқа да жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлген болатын.

    Жұмыс жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →