Басты бет » Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Отандасымыз Бибісара Асаубаева қарсыластарынан төрт рет басым түсіп, жеті ойынды тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Осылайша, ол 11 турдан кейін 7,5 ұпай жинады.

Соңғы турда қазақстандық шахматшы әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, қарсыласын Нью-Йорктегі чемпиондықтан айырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:

  • Хампи Конеру (Үндістан) – 8,5 ұпай;
  • Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 8 ұпай;
  • Екатерина Лагно (Ресей) – 8 ұпай.

Ерлер арасында қазақстандық спортшылардан үздік нәтижені Ринат Жұмабаев көрсетті. Ол 62-орынға тұрақтады. Ринат 13 турда 4 жеңіске жетіп, 6 тең ойын өткізіп, 3 рет жеңіліп қалды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика