Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Атырауда фельдшерлер жүкті әйелді үйде босандырып, егіздерді аман алып қалды

    Атырауда фельдшерлер жүкті әйелді үйде босандырып, егіздерді аман алып қалды

    Фото: Атырау облыстық жедел жәрдем стансасы

    Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманованың мәліметінше, жыл басынан бері фельдшерлер 49 жүкті ананы үйінде босандырған. Сондай оқиғаның бірі кеше, 29 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    – Жедел жәрдем стансасының диспедчерлік пультіне жүкті әйелден шақырту түсті. Соған байланысты №9 бригаданың фельдшерлері Эльвира Кәримова мен Қанат Жексенбаев шақырту берілген мекенжайға жеткенде, жүкті әйелдің толғағы басталған. Біздің фельдшерлер жүкті ананы үйінде босандырып, егіздің кіндігін кесті. Содан соң облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді, – дейді Наргиз Абдрахманова.

    Фельдшер Эльвира Каримова жедел жәрдем стансасында 11 жылдан бері жұмыс істейді. Ал жас фельдшер Қанат Жексембаев бұл саладағы жұмысын былтыр бастаған.

    – Біз шақырту бойынша науқастарға жиі барамыз. Бірнеше жүкті ананы үйінде босандыруға қатыстық. Алайда егіздің өмірге келуі алғаш рет кездесіп отыр. Мұндай жағдайда қобалжу болады ғой. Дегенмен, жүкті ана егіз қызды аман-есен босанды. Біріншісінің кіндігін кескенде, екіншісі де өмірге келді. Бұл – осы жылдың ұмытылмайтын басты оқиғасы, – дейді Эльвира Каримова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →