Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1971 жылғы Жапониядағы ауыр әуе апаты: Boeing 727 мен F-86F соқтығысуы Боден көлі аспанындағы авиақатер: 71 адам қаза тапқан әуе апаты Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды 1971 жылғы Жапониядағы ауыр әуе апаты: Boeing 727 мен F-86F соқтығысуы Боден көлі аспанындағы авиақатер: 71 адам қаза тапқан әуе апаты Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды

    «Анасы әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденова туралы жазды

    «Анасы әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденова туралы жазды

    Коллаж: Inbusiness.kz 

    Отандық тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан елорда тұрғынына қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Сөзінше, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болған. Гаухар әріптестеріне кенже ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйда тұратын отбасылық достарына баратынын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей рейс болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гаухардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар. Ол жақында елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған. Гаухардың анасы қайғылы жағдай туралы әлі білмейді. Гаухардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен», – деді журналист желідегі парақшасында.

    Айта кету керек, осыған дейін ұшақта болған 6 отандасымыз мерт болғанын жазғанбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →