Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті

    Батыс Қазақстанда әкім мен бөлім басшысына айыппұл салынды

    Батыс Қазақстанда әкім мен бөлім басшысына айыппұл салынды

    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Сот талаптарын орындамағаны үшін БҚО-да Ақжайық ауданының әкімі мен сол ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы айыппұл арқалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, азамат төтенше жағдай кезеңінде су тасқыны салдарынан 16 бас жылқыларынан айрылған. Кейін, сол өлген жылқылардың материалдық шығынын өтеу жөнінде көмек сұрап өтінішхатпен келесі мекемелерге жүгінген.

    • Ақжайық ауданының әкіміне;
    • Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне;
    • облыс әкімдігіне.

    Азамат мекеме қызметкерлерінің жауабымен келіспей, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік талап қоюмен жүгінген.

    «Іс бойынша дайындық жүргізу мақсатында, сот жауапкерлерді белгіленген мерзімде әкімшілік талап қоюға дәлелді қарсы пікірлерін беруге міндеттеді»,  делінген ақпаратта.

    Алайда, жауапкерлер талап қоюға дәлелді пікірлерін және соттың сұратқан әкімшілік іс құжаттарын белгіленген мерзімге жолдамаған. Соның салдарынан іс бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылған.

    «Сот іс құжаттарын зерттеп қарап, жауапкерлердің келтірген уәждерін негізсіз және дәлелсіз деп, олардың іс әрекеттерінде заңға және сотқа анық құрметтемеушілік көрсету оқиғасы орын алған деп таниды»,  деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметі.

    Бұндай жағдайда, сот талаптарын орындамауына байланысты Ақжайық ауданының әкіміне және «Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысына әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 73 840 теңгеден ақшалай өндіріп алу қолданылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →