Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті

    Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді

    Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді

    Елімізде бала асырап алушыларға қойылатын талаптар қатаңдатылады. Қазір тиісті түзетулер әзірленген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сенатор Нұрия Ниязованың мәліметінше, биылғы 11 айда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты 890 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 8%-ға жоғары. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінше, мұндай құқық бұзушылықтардың 99%-ы ер адамдардың тарапынан болады.

    Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның сөзінше, бала асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптар қатаңдатылады.

    «Конституциялық Соттың нормативтік қаулысын орындау аясында министрлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ерлі-зайыптыларға басымдық беретін бірнеше заңнамалық нормаларды дайындады. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптарды қатаңдату жөніндегі шаралар кешені әзірленді. Бұл бала асырап алушы мен асырап алынатын бала арасындағы жас айырмашылықты анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы мәліметтерді жыл сайын жаңартып отыру, міндетті психологиялық тексеруден өту және аккредиттелген ұйымдар арқылы оқыту», – деді Еділ Оспан Сенаттың жалпы отырысында.

    Бүгінгі таңда бұл түзетулер мемлекеттік органдарда қаралып жатыр. Одан кейін тиісті нормалар Парламенттің қарауына жіберіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →