Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды •

    Атырауда әлименттен жалтарған қашқын әкелер құмар ойындарға 800 млн теңге бәс тіккен

    Атырауда әлименттен жалтарған қашқын әкелер құмар ойындарға 800 млн теңге бәс тіккен

    Фото: dzen

    Атырау облысында қашқын әкелер балаларына әлимент төлеуге ақша таппаса да, құмар ойынға бәс тігуде  ақшаны аямайды, Атырау қаласының прокуратурасы 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғанын анықталды. Ал олардың бәрі әлименттен жалтарған қашқын әкелер, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бас прокуратураның мәліметінше, 45 қашқын жігіттің құмар ойын сайттарға кіруіне шектеу қойылса, тағы 11 борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек тағы 14 борышкер әкімшілік жазаға тартылған.

    «Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық  (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында», — делінген хабарламада.

    Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →