Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

Президент Тоқаев Хелен Кларкпен кездесті

Президент Тоқаев Хелен Кларкпен кездесті

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2007 жылы аталған ұйымға мүше болғаннан бері ӨСАБ стандарттарын сақтауға бейілдігін көрсетіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың ұйым талаптарын сақтау міндеттемелері және бюджетке аударатын салық пен басқа да төлемдері бойынша есебі заңнамалық деңгейде бекітілді.

Президент Ұйым басшысына геологиялық барлау мен кен өндіру саласында қабылданған реттеу шаралары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, саланы дамытудың кешенді жоспары қабылданып, интерактивті карта мен 50 мыңнан аса геологиялық есептер қамтылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Бұдан бөлек, бизнестің барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілді.

Хелен Кларк ұйымның алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарымен және басым бағыттарымен бөлісті. Ол Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамалық актілерін жетілдіру жұмыстарын жоғары бағалады. Бұл кен өндіру өнеркәсібінің ашықтығын қамтамасыз ету талаптарын орындауға мүмкіндік береді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →