Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Дәрігерлер түйенің астында қалған 4 жастағы қызды құтқарды

    Дәрігерлер түйенің астында қалған 4 жастағы қызды құтқарды

    Фото: Айгүл Аханова

    Оқиға Қызылорда облысы, Арал ауданында болған. Баланың тиісті емін алып, үйіне шығарылғаны хабарланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қиын жағдайға Тамилла әкесімен балабақшадан қайтып келе жатқанда тап болады. Желіп келе жатқан жануар сүрініп, оларға бар салмағымен құлаған. Салдарынан 4 жастағы қыз бас-ми жарақатын алған. Ер адам зардап шекпеген. Кішкентай пациент шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген.

    – Түйе бар салмағымен қызымның үстіне құлаған. Құдай сақтап, аман қалды. Тамилла ауыр жағдайда болды. Қазір денсаулық жағдайы тұрақтанды. Дәрігерлерге дер кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын, – дейді анасы Нағима Жұмағалиева.

    Диагностикалық тексеру кезінде баланың бас сүйегінде шытынау анықталған.

    – Бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, құлағынан қан кеткен. КТ арқылы тексеру жүргізілді. Бас сүйегінің самай бөлігінде шытынау анықталды. Мида қан ұюы белгілері жоқ. Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтарымен кеңестік. Консервативті ем ұсынылды, науқас бақылауда, – деді Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Тұрғанбек Ерсеитов.

    «Бала тиісті емін алып, үйіне шығарылды» деп хабарлады дәрігерлер. Жалпы, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдігі бар санатқа жатады, олар үшін МӘМС аударымдарын мемлекет жасайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →