Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 444,6↓€ 490,1↓₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады •

    Дәрігерлер әйел жатырынан 6 келі миоманы алып тастады

    Дәрігерлер әйел жатырынан 6 келі миоманы алып тастады

    48 жастағы науқастың ауруханаға өте ауыр жағдайда түскені белгілі болып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинеколог дәрігерлерінің жатыр миомасы диагнозы бар науқасқа сәтті ота жасағаны хабарланды.

    Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, науқас бірнеше жыл гинекологқа қаралмаған және ішінің ұлғаю себебін білуге тырыспаған.

    Медициналық көмекке денсаулығы сыр берген соң ғана жүгінген. Отаны тәжірибелі гинеколог дәрігерлер Риза Керемқұлова, Ажар Амангелді және Дархан Молдабек жасаған.

    – Операция барысында біз салмағы 6 келі болатын жатыр миомасын алып тастадық. Қысылып қалған ішкі ағзаларды босаттық, ілеспе жабысқақ түзілімдерді алып тастадық, – дейді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Р.Керемқұлова.

    Сәтті ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жасалған. Дәрігерлер өз кезегінде әйелдердің жылына мінедетті түрде екі рет гинекологқа қаралу керегін айтып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →