Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді •

    Қазақ балуандары Оңтүстік Кореяда 6 жүлде жеңіп алды

    Қазақ балуандары Оңтүстік Кореяда 6 жүлде жеңіп алды

    Күрес түрлерінен Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында ұйымдастырылған Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста 6 медаль еншілеп қайтты,– деп хабарлайды Qazaq.today сайты msports.kz — ке сілтеме жасап.

    Халықаралық жарыста 76 келіге дейінгі салмақта күрескен Эльмира Сыздықова алтын медаль иегері атанды. Қалған 5 жүлдені грек-рим күресінің балуандары жеңіп алды.

    Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәтижесінде күміс медаль иеленді.

    Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта) және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

    Фото: olympic.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →