Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қазақ күресінен әлем кубогі басталды

    Қазақ күресінен әлем кубогі басталды

    Фото: Жеңіс Ысқабай

    Түркістан 10 елдің үздіктері Түркістанда бас қосты. Мұнда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Әлем кубогі басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Хабар24-ке сілтеме жасап.

    Дүниежүзілік додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолия сияқты елдерден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Тартысқа толы жарыстың бірінші күні палуандар 5 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтайды.

    Ал, екінші күні 3 салмақ дәрежесіндегі жүлделер сарапқа салынады. Сонымен қатар «Түйе балуан» бәсекесінің жеңімпазын да анықтайды. Жеңіске жеткен балуандарға 500 мың теңгеден беріледі. Екінші орынға 300 мың, ал, үшінші орынға 200 мыңнан қаржылай сыйақы қарастырылған.

    Сондай-ақ «Түйе балуанға» темір тұлпардың кілті табысталады. Айта кетейік, қазіргі таңда 40-тан аса елде қазақ күресінен федерациялар құрылып, секциялар ашылып, кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын ұлттық спортымыздан Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп тұрады.

    Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогы 3 рет болып жатыр. Біздің мақсатымыз Олимпиада, Азия ойындарына қатысу, соның бастамасы деп білемін осыны. Енді қазір Еуропа елінен грузиндер жақсы, әзербайжандар да жақсы, Польшадан келіп жатыр. Жақын елдерден Қырғызстан, Монғолия да жақсы. Жаймен дамып келеміз, — деді жарысты ұйымдастырушы Самат Рыспеков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →