Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Айтатын уақыт келді»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді

    «Айтатын уақыт келді»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді

    Фото: instagram.com/bidash_official

    Танымал әнші Балжан Бидаш ажырасқаны үшін денсаулығы сыр бергенін айтты. Өнер иесі бетіне түрлі жара шығып кеткенін жасырмады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    “Менің жеке трансформациям туралы айтатын уақыт келді. Бәрі маған құлпырып кетіпсің, қандай керемет нәтиже, сахнаға оралуыңмен деп жатады. Бірақ сахнаның артында қаншама маңдай тер төгілгенін ешкім түсініп білмес. Бір жыл бойы қаншама жұмыс болғанын ешкім білмейді. Ия, ажырасқаннан кейін қатты депрессияға түсіп кеттім. Ешкімді көргім келмеді. Ешкіммен араласпай, тек үйде отырдым. Жобаларда ғана өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде белсенді болуға өзімді мәжбүрлейтінмін. Осының бәрі ішіме жиналып, дұрыс тамақтанбай, өзіме қарамай кеттім. Күннен күнге бетімнің жағдайы нашарлап бара жатқанын байқадым. Мені дәл осындай мәселені басынан өткізген адамдар ғана түсінеді”, – деп жазды өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →