Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығымен бөлісті

    Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығымен бөлісті

    Фото: orda.kz

    Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі. Қазір кейбір дәрілердің құны көршілес елдерге қарағанда жоғары, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Депутаттың сөзінше, бірқатар өзгерістен енгізу жоспарланған.

    1. Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі.

    Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгіленеді. Бұл дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе негізсіз қымбаттатуға жол бермейді.

    2. Негізсіз шығындарды алып тастау.

    Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алынып тасталады, осылайша бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік туады.

    3. Көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстемені төмендету.

    • Көтерме сауда – 15-20%-ға дейін.
    • Бөлшек сауда – 20-30%-ға дейін.

    4. Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі.

    Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отырады. Сонымен қатар, дәріханалардағы бағаны бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымалдау және басқа да шығындар туралы объективті деректер алынады (ИС «Кеден»).

    “Біз бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы мәселелерді атап көрсеткенбіз. Бұл мәселелер бағаның негізсіз өсуіне әкелді. Енді, ақыры, Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс қадам жасауда”, — дейді Аймағамбетов.

    Депутаты бұл өзгерістер дәрі-дәрмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған нақты шешім екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →