Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды •

    Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп отырған

    Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп отырған

    Қостанай облысында полицейлер зейнеткерлерді алдап, олардың атына кредиттер мен шағын несиелер рәсімдеген. Ұлттық компания қызмектерінің алаяқтық әрекеті әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Облыстық полиция департаментінің мәлімтеінше,  пайдакүнем олардың сенімін пайдалана отырып, оңай жолмен пайда тапқысы келген. Күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсу керек деп, өзінің алаяқтық схемасын іске асырып отырған.

    Содан кейін мобильді қосымшалардың көмегімен алаяқ жәбірленушілердің атынан кредит пен шағын несиелер рәсімдеген.

    «Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден кредит, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты. Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

    Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді. Заңда бұндай алаяқтарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →