Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр

Жезөкшелікке тартатын жеңгетайлар жетерлік: елімізде адам саудасы азаймай тұр

Жезөкшелікке тартатын жеңгетайлар жетерлік: елімізде адам саудасы азаймай тұр

Жыл басынан бері адам саудасы бойынша екі жүзге жуық қылмыстық іс тіркелген. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева биыл адам саудасына байланысты қанша қылмыстық іс тіркелгенін айтты, деп хабарлайды  Qazaq.today.

«Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 197 қылмыс тіркелді. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 116-бабы («Адамның ағзасы мен тiнін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») бойынша 22 іс, адамды қанау мақсатында ұрлау – 1 іс, қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды сату – 6 іс, жезөкшелікпен айналысуға тарту – 13 іс, жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық – 119 іс тіркелді», – деді Шынар Көшербаева. 

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңды орындау тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел өтіп жатыр. ІІМ өкілі Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай жұмыс істеп жатқанын, бірақ осыған қарамастан қылмыстық істердің жиі тіркелетінін жеткізді.

«Өкінішке қарай, адам саудасы қылмысы анықталып жатыр. Ол іс жүзінде жыныстық және еңбек қанауы, бала саудасы, адам ағзасын сату, адамды қайыршылыққа салу сынды қылмыс түрлерімен сипатталады. Сондықтан бұған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қажет: ынтымақтастық, қылмыстық қудалау, сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқығы мен мүддесін қорғау», – деді орынбасар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика