Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын •

    Алматы облысында кадрлық өзгеріс: жемқорлықпен ұсталған Қарасаевтің орына жаңа әкім тағайындалды

    Алматы облысында кадрлық өзгеріс: жемқорлықпен ұсталған Қарасаевтің орына жаңа әкім тағайындалды

    Әкімі жемқорлықпен қамалған Іле ауданына 49 жастағы жамбылдық жігіт басшылыққа келді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.

    Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:

    Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті,
    Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы,
    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары,
    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы,
    Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары,
    Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары,
    Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

    Еске салсақ, Іле ауданының бұрынғы әкімі жемқорлық жасағаны үшін қамауға алынып, тергелуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →