Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) •

    «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты

    «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі визажист Ардақ Аймахан әнші Роза Әлқожа туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ол өнер иесінің Астанада өткен концертінде әншінің бетін әрлегенін айтты.

    «45 жасқа — 45 Роза. Қазақтың ерке қызы Роза Әлқожаға деген ерекше құрметім!

    Кейбір жандардың сұлулығы тек сырт келбетінде емес, жүрегінде, болмысында, өнерінде жатады. Роза ханым — дәл сондай ерекше жан!

    Ақын, композитор, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, көпбалалы ана… Бір бойына осыншама қасиетті сыйдырған, әнімен жүректерді тербетіп, жырымен талай жанның сезімін жеткізген аяулы Роза ханым!

    Қазақтың қызы қандай болуы керек десең, оның бойындағы нәзіктікке, қарапайымдылыққа, ана ретіндегі мейіріміне, өнерге деген адалдығына қарап сүйсінесің.

    Бүгін осындай өнер иесіне ерекше образ жасау бақыты бұйырды. Бұл мен үшін жай ғана макияж емес, үлкен сенім, ерекше мәртебе әрі жүрегіме қуаныш сыйлаған сәт болды.

    Ал Роза ханымды 45 жасымен құттықтап, 45 роза гүлін сыйлауым — өзімнің шынайы құрметім мен ақ тілегімнің белгісі.

    Роза ханым, жасыңызға жас, өнеріңізге өріс қосылсын! Әрдайым жүзіңізден күлкі, жүрегіңізден шабыт кетпесін. Отбасыңыз аман, мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын! Қазақтың жүрегінен орын алған әндеріңізбен әлі талай биіктерді бағындыра беріңіз!», деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →