Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) •

    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті

    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған кен орны аумағында мыс қорының қосымша көлемін анықтау және қолданыстағы кеніштердің шикізат базасын қалыптастыру мақсатында геологиялық барлау жұмысын жүргізіп жатыр. Әсіресе Жезқазғанның тау-кен кәсіпорындарын одан әрі дамытуға байланысты №114 келісімшарт аясындағы учаскелерге ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қазақмыстың жаңа командасы минералдық-шикізат базасын дамытуды ұзақ мерзімді жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

    2026 жылдың тоғыз айында «Қазақмыс Барлау» ЖШС еншілес компаниясы корпорация жобалары бойынша 17,2 мың қума метр геологиялық барлау, бұрғылау жұмысын орындады. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 104,6%-ын құрайды.

    Негізгі бағыттардың бірі – №114 келісімшарт шеңберінде геологиялық барлау жұмысын жүргізу. Жезқазған кен орнының қапталдарында жалпы ұзындығы 4 750 қума метр болатын жеті ұңғыма бұрғыланды. Сонымен қатар терең деңгейжиектерді зерттеу үшін жалпы тереңдігі 3 500 метрден асатын тағы төрт ұңғыма бұрғыланды.

    Бұдан бөлек Геологиялық барлау партиясы кентінің маңында бұрын зерттеу барысында назардан тыс қалған жер бетіне жақын мыс қорларын зерделеу жұмысы жүргізілуде. Есепті кезеңде бұл аумақта шамамен 1 800 қума метр бұрғылау жұмысы орындалды.

    №114 келісімшарт аясындағы үш жоба бойынша бекітілген бұрғылау жұмысының жалпы көлемі 19 490 қума метрді құрайды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар мамандар алынған геологиялық материалдарға талдамалық зерттеу жүргізіп жатыр.

    Жезқазған-Жыланды кенді ауданын одан әрі зерттеу үшін геохимиялық және геофизикалық зерттеу, соның ішінде 2D-сейсмикалық барлау жүргізу көзделген. Кешенді тәсіл болашағы бар учаскелердің геологиялық құрылысын нақтылауға және алдағы іздестіру жұмысының бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар көлемі 30 мың қума метрден асатын қосымша бұрғылау бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыруды 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

    Геологиялық барлау жұмысы Қазақмыстың басқа да өндірістік алаңдарында жүргізілуде. Нұрқазған кен орнында 2 300 қума метрден астам бұрғылау жұмысы орындалды. Қажықонған-Алтынтөбе кенді алаңында 1 600 метр бұрғыланды. Абыз учаскесінде жоспарланған 5 100 метрдің 2 800 метрден астамы орындалды.

    Компания сондай-ақ Қарағайлы және Балқаш байыту фабрикаларының шикізат базасын кеңейту мүмкіндігін зерделеп, перспективалы учаскелер мен минералдық шикізаттың технологиялық сипаттамасын зерттеп жатыр.

    Геологиялық барлау – Қазақмысты дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Қолданыстағы кен орындарының қапталдары мен терең деңгейжиектерінде қосымша қорларды іздеу, олардың болашақта игерілуін бағалау, тау-кен жұмысын жоспарлау және ұзақ мерзімді өндірістік бағдарлама қалыптастыру үшін қажет.

    Компания бұрғылау жұмысының нәтижелеріне, зертханалық зерттеулерге және ресурстық әлеуетті кешенді бағалауға сүйене отырып, геологиялық барлау жобаларын жүйелі түрде дамытуды көздейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →