Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО)

    Елімізде телерадио арналардың жұмысы тоқтатылады

    Елімізде телерадио арналардың жұмысы тоқтатылады

    Еліміздегі телеарналар мен радионың жұмысы бір күнге тоқтайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогті эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

    «Осыған байланысты, биыл 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.

    «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →