Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді

    Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылу себебі айтылды

    Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылу себебі айтылды

    Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізіндегі Қызыл кітапқа енген итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі себеп болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1034 итбалықтың өлексесін тапты.

    “Балық шаруашылығы комитеті табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдар шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Итбалықтардың өлу себептері туралы түпкілікті тұжырымдар ғылыми ұйымдардың мәліметтері бойынша 3-4 айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін анықталады”, – делінген хабарламада.

    Балық инспекциясының мамандары итбалықтардың не себепті қырылғанын анықтау үшін аумақтық сулардың акваториясына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Әзірге ауру туралы ешқандай ақпарат жоқ.

    “Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жұқпалы аурулардың бар-жоғына зерттеу жүргізіліп жатқан патологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алды. 2024 жылдың 13 қарашасында пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға арналған ПТР әдісімен зерттелген барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті”, – деп мәлімдеді министрлік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →