Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады

    Бүгін түнде 58 жастағы Майк Тайсон рингке шығады

    Бүгін түнде 58 жастағы Майк Тайсон рингке шығады

    16 қарашаға қараған түні ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Джейк Полмен жұдырық  түйістіреді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Майк Тайсон мен Джейк Пол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Кейін көз түйістіретін кезде Тайсон қарсыласының бетінен шапалақпен ұрып жіберген.

    Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қарашаға қараған түні Арлингтонда (АҚШ) өтеді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған, әр раунд 2 минуттан болады. 58 жастағы Майк Тайсон 20 жылдан соң кәсіпқой рингке оралғалы отыр.

    Ол соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасып, ирландиялық Кевин Макбрайдқа есе жіберген еді. Ал Джейк Пол соңғы мәрте биыл шілдеде шаршы алаңға шығып, UFC-дің бұрынғы жауынгері Майк Перриді жеңген болатын. Пол кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жеткен (жетеуі нокаутпен) және бір рет жеңіліске ұшырады. Ал Тайсон 50 рет жеңіске жетті (44-і нокаутпен) және алты мәрте жеңіліс тапқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →